Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин негізгі қақпашы Александр Заруцкийдің жарақатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заруцкий Глазгода өткен «Селтикке» қарсы ойында жарақат алған болатын. Кейбір БАҚ өкілдері қақпашы маусымның соңына дейін алаңға шықпайды деп хабарлаған еді. Алайда Уразбахтин бұл мәліметті жоққа шығарды, деп жазады 1bol.kz.
«Жоқ, маусымның соңына дейін емес. Ол тек сіңірін созып алған. Ойлаймын, шамамен бір айдың ішінде бұл мәселе шешіледі», — деді бас бапкер баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, «Қайрат» пен «Селтик» арасындағы қарымта кездесу 26 тамыз күні Алматыда өтеді.