Грузия православ шіркеуінің өкілдері Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысады, деп хабарлайды 24kz.

Олар форумда дінаралық диалогты дамытуға үлестерін қосуды көздеп отыр. Грузиялық делегация бұл маңызды іс-шараға 2003 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Алдағы маңызды жиыннан не күтетіні жайлы Теология және филология ғылымдарының докторы, Гелат ғылым академиясының академигі, протоиерей Бидзина Гуния былай пікір білдірді.

Бидзина Гуния, Теология және филология ғылымдарының докторы, гелат ғылым академиясының академигі, протоиерей:

- Мен халықаралық VIII съезде екі басты бағытқа ерекше көңіл бөлінсе екен деймін. Біріншісі – бейбітшілік орнату және соғыстарды тоқтату. Екіншісі – осы бейбітшіліктің негізі саналатын отбасылық, рухани және мәдени құндылықтарды нығайту.