Азаматтық алған робот бар екенін білесіз бе? Иә, 2017 жылы Сауд Арабиясы «Sophia» атты гуманоидтық роботқа ресми азаматтық берген.
Бұл – тарихта алғаш рет темір мен сымнан құрастырылған жасанды болмысқа заңды мәртебе берілген оқиға. «Hanson Robotics» компаниясы құрастырған «Sophia» адамның бет қимылдарын айнытпай қайталап, әңгімеге араласа алады, тіпті өзінше ой білдіріп, қоғамға пайда тигізгісі келетінін де айтқан.