Танымал әнші, Райым Бақтыгереевтің жары Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші желідегі парақшасында өзін сынағандарға жауап берді.
«Кішкентай ғана Батырым, анасының созған жатырын.
Айрақтыдағы концерттен соң желіде маған “толыпсың”, “семізсің” деп жазған пікірлерді оқып қалдым. Айналайындар-ау, мен тек фигура ойлап жүретін болсам қолымдағы мына тәтті баланы кім туар еді?
2 ай бұрын босанған ананы түсініп қойыңыздар. Әр кезеңнің өз әдемілігі бар.
Сәлден соң 90-60-90 болып аламын. Сөзім сөз», — деп жазды ол.