Алматыда кезекті заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Жұмабаев көшесі, 23б мекенжайындағы кафеге жапсарлас салынған қосалқы нысанды сот шешімі бойынша бұзу туралы шешім қабылданған.

Себебі жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің (жеке тұлға) рұқсат құжаттарынсыз, қосалқы нысанды заңсыз салғаны анықталған.

Заңсыз салынған қосалқы нысан. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданып, кейін істі қаланың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

"2025 жылғы 27 маусымда Мамандандырылған ауданаралық сот меншік иесін кінәлі деп тауып, заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзу жөнінде қаулы қабылдады.

Сот шешімін орындау мақсатында құрылыс меншік иесінің күшімен толықтай бұзылды", — делінген хабарламада.

кафе
Кафе. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз