Еуроодақ Үндістан мен Қытайға санкция салады.
Ұйымға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Копенгагенде жиналып, осылай уағдаласты. Шектеу Бейжің мен Нью-Делидің мұнай өңдеу зауыттары мен порттарына қарсы енгізілмек. Бұған қос елдің Ресей мұнайын сатып алуы себеп болып отыр. Осылайша Батыс елдері Мәскеуге қарсы қысымды күшейтпек. Сондай-ақ Еуроодақ Ресей Украинаға келтірген шығынды өтемесе, бұғатталған 210 млрд еуроны қайтармайтынын ескертті. Жиында Мәскеудің санкциялардан құтылып кетуіне жол ашатын криптовалюта компанияларының жұмысын шектеу мәселесі де талқыланды. Айта кетейік, ЕуроОдақ осы айда Ресейге қарсы санкциялардың 19-пакетін енгізбек.