Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталды, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шараға Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері қатысып отыр. Кездесуде энергетикалық ынтымақтастықты дамыту, тұрақты ілгерілеу, логистикалық және өндіріс орындарын кеңейту басты тақырып ретінде қаралады. Жиын қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард АҚШ долларынан асатын 70 құжатқа қол қою жоспарланып отыр.