Елде 43 мыңнан аса отбасындағы 232 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды 24kz.

Оларға жалпы алғанда 10,4 млрд теңге тиесілі. Осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылып отыр. Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру, сондай-ақ отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Естеріңізге салайық, жыл басынан бері еліміздегі кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен емес деңгейде айқындалған.