БАҚ-та премьер-министрдің орынбасары — cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап кетті. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Гүлнар Бажкенованың (Orda және Bazhkenova vs.) ресурстарында тараған Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады. Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз", — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget