Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистерге арналған жыл сайынғы республикалық байқаудың басталғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, «AMANAT медиа сыйлығы» бұқаралық ақпарат құралдарының жанрына қарамастан, тақырыптық бағыттар бойынша табысталады. Биылғы байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары, «Еңбек адамы», «Жұмысшы мамандықтары жылы», «Taza Qazaqstan», жастардың қоғамдағы рөлі және тағы басқа негізгі тақырыптарды қамтиды.

Байқауға қатысу үшін өтінімдер 23 мамыр мен 17 маусым аралығында қабылданады. Салтанатты марапаттау рәсімі маусым айының соңында, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді. Жеңімпаздарға «AMANAT» медиа-премиясы, мүсінше және ақшалай сыйлықтар табысталады.

Байқау жеңімпаздары екі бағыт бойынша он аталымда анықталады.

Тақырыптар бойынша номинациялар:

  1. «Еліміздегі реформалар туралы үздік материал»;
  2. «Еңбек адамы туралы үздік материал»;
  3. «Жастар туралы үздік материал»;
  4. «Аймақ туралы үздік материал»;
  5. «Партия жұмысы туралы үздік материал»;
  6. «Taza Qazaqstan» – экология мен қоршаған ортаны сақтау туралы үздік материал;
  7. «ҚР Конституциясының 30 жылдығы туралы үздік материал».

Арнайы сыйлықтар:

  1. Шерхан Мұртаза және Қамал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» сыйлығы;
  2. «Алаш аманаты» сыйлығы;
  3. «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» сыйлығы.

Толығырақ ақпаратты amanatpartiasy.kz сайтынан қарауға болады. Байланыс телефондары: 8-7172-70-76-25, 8-7172-70-76-28. Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қоңыраулар жұмыс күндері, 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қабылданады.