Сәуірде Қазақстанда көбірек несие алынған. Әсіресе тұрғын үй мен көлік алуға несие рәсімдеу үшін сұраныс артқан , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап.
Жеке тұлғаларға берілген несие көлемі артты
Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сәйкес, сәуірде жеке тұлғаларға берілген несиенің жалпы көлемі наурыз айымен салыстырғанда 13,3 пайызға өсті. Мамандардың сөзінше, мұндай өсім жиі бола бермейді. Қазіргі серпінге ипотекалық несиелеудің жандануы едәуір әсер еткен.
Ипотекаға сұраныс артты
Сәуірде ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 247,1 млрд тг жетіп, өткен айға қарағанда бір жарым есе өскен. Бұл өсімді бұрынғы сұраныстың кешіктіріліп жүзеге асуымен байланыстыруға болады: Ұлттық Банк тұрғын үй жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйақының кешігіп төленуі І тоқсанда сұранысты тежегенін айтады.
Бұл жорамал қарыз алушылар санының айтарлықтай өсуімен жанама түрде расталып отыр — айдан айға +54,1 пайыз, 13 мың адамға дейін. Осылайша бір айда бір қарыз алушыға шаққандағы орташа сома өзгеріссіз қалды — 19 млн тг. Жалпы алғанда 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шегерілген берешекті қоспағандағы ипотекалық несие портфелі 6,7 трлн теңгеге жетті, наурыз қарағанда 1,6 пайызға өскен. Аталған несие өнімі бойынша қарыз міндеттемелерін 610,4 мың адам (айдан айға +0,9 пайыз) иеленді, ал несиенің жалпы саны 638,6 мың болды (айдан айға +1 пайыз).

Автонесиеге сұраныс артты, бірақ қарқыны баяу
Автонесиелер де өсіп келеді, бірақ ипотекаға қарағанда қарқыны сәл баяулау: наурызға қарағанда берілген автонесиелер көлемі 21,3 пайызға өсіп, қазіргі деңгейі 238,5 млрд тг болып тұр. Бұл ретте көрсеткіш қатарынан үшінші ай өсіп отыр. Сәуірдегі серпін қарыз алушылар санының өсуімен (+11,9 пайыз, 24,8 мың адамға дейін) және бір қарыз алушының алған орташа сомасының ұлғаюымен(+8,4 пайыз, 9,6 млн тг дейін) байланысты.
Ипотека мен автонесиеге қарағанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі бәсеңдеу. Сәуірде жалпы берілген сома 5 пайызға артып, 889,8 млрд теңгеге жетті (жалпы инфляция деңгейі 1,2 пайыз болғанда). Ал қарыз алушылар саны 3,3 пайызға өссе, олар рәсімдеген орташа несие сомасы 1,6 пайызға өскен.
Кәсіпорындарды несиелеу жағдайы
Сәуірде заңды тұлғалар мен ЖК 2 трлн тг астам сомаға несие берілген. Наурызбен салыстырғанда өсім 35 пайызды, ал 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 29,4 пайызды құрап отыр (айта кетейік, бір жылда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 10,7 пайызға артты.
Берілген несие сомасының 91 пайызы заңды тұлғаларға тиесілі, яғни 1,8 трлн теңге. Бір айда абсолютті көрсеткіш 36,3 пайызға, ал бір жылда 30,8 пайызға артқан. Сәйкесінше, ЖК үлесі 9 пайызды құрап, 191,8 млрд теңге тең болып отыр.