Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 9,4 трлн теңгеге жетті.

Отандық тауар өндірушілермен 400 млрд теңгеге жуық сомада, 140 мыңнан астам шарт жасалған. Бүгінде мемлекеттік сатып алу мерзімі 30 күннен 10 күнге дейін қысқарды. Жаңа талап "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң шеңберінде бекітілді. Қоғамдық мониторинг жүргізіліп жауапкершілік күшейтілді. Ауыл әкімдіктері үшін бір көзден сатып алудың шекті мөлшері 3 мың айлық есептік көрсеткіштен 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. Қазір елде бірыңғай сатып алу платформасы жұмыс істейді.