Бұнда қазіргі бессайыстан жасөспірімдер арасындағы құрлықтық дода өтіп жатыр .
Оған тоғыз елдің өкілдері жиналды. Енді олар бір апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты жаңадан салынған олимпиадалық даярлау орталығында өтті. Артынша дәл сол жерде негізгі бәсекелер де басталды. Алғашқы жарыс күндері командалық эсфтафета ұйымдастырылды және ә дегеннен қоржынымызға қос күміс түсті. Яғни ұлдар арасындағы және қыздар арасындағы бәсекеде ұлттық құрама өкілдері жүлдеге ілікті. Алда тағы бірнеше жарыс күні бар. Қазіргі бессайыс бойынша Азия чемпионаты 2 қарашаға дейін жалғасады. Бұндай деңгейдегі бәсекені қабылдау жергілікті жас спортшылардың тәжірибе алмасып, шеберлік шыңдауына және сол арқылы сапалы резерв қалыптыстыруға жақсы мүмкіндік дейді мамандар