Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Әбілсейіт Байсейітұлының төрағалығымен қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру мәселелері бойынша жиын өтті.
2025 жылы Түркістан қаласында 214 625 дана ағаш және бұта көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 84 075 данасы көктем мезгілінде, ал 134 250 данасы күзгі маусымда егілмек.
Көгалдандыру жұмыстары жалпы 190 гектар аумақта жүргізіліп, 25 көше бойын, 11 демалыс аймағын (саябақтар, скверлер, аллеялар және т.б.) және 4 жасыл белдеуді қамтиды. Егілетін көшеттер құрамына 15 түрлі ағаш және 2 түрлі бұта түрі енгізілген.
Қазіргі таңда шұңқыр қазу және ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Барлық жұмыстар тұрақты бақылауда.
Қала әкімінің орынбасары Әбілсейіт Байсейітұлы жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар беріп, күзгі маусымдағы көгалдандыру жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.