Биыл елде 1 млн тоннадан астам пияз бен 3 млн тоннаға жуық картоп жиналды .

Бұл туралы «Дәнді және майлы дақылдар. Қазақстан» ғылыми-зерттеу бюросы хабарлады. Осы жылы 321 мың тоннадан аса пияз сыртқы нарыққа шығарылады. Ал 150 мың тонна өнім сырттан жеткізіледі. Жан басына шаққандағы тұтыну деңгейі 43 килограмға дейін ұлғаяды. Картоп өнімінің ішкі тұтыну көлемі 2,73 млн тоннаға дейін артты. Орта есеппен алғанда бір адамға 133 келіден айналады. 473 мың тоннадан астамы экспортталады. Импорт көлемі 266,3 мың тонна.