Тараздың көпбейінді балалар ауруханасында плагиоцефалия диагнозы қойылған сәбиге операция жасалды.

Баланың бас сүйегінің бір бөлігі өспей қалып, деформацияға ұшыраған. Өңірде алғаш рет жасалған операция 4 сағатқа созылды. Бұрын мұндай күрделі ем-дом тек ұлттық ғылыми орталықтарда жасалатын. Енді баласына ем іздегендер алысқа бармай-ақ Таразда емдете алады.

Лаура Рашид баласының дамуы кешеуілдеп жатқанын бірнеше ай бұрын байқаған. Жасы екіге таяса да, өздігінен жүре алмаған. Тілі де дұрыс шықпаған. Ал бас сүйегі қисайып, маңдайы ішке кіріп кеткен екен. Дертіне дауа іздеп талай табалдырықты тоздырдық,- дейді ол. Тараздағы облыстық балалар ауруханасына плагиоцефалия екенін білген. Бұл бас сүйектің алдыңғы бөлігінің деформацияға ұшырауы. Нейрохирургтар 4 сағат операция жасады.

Лаура Рашид, Алматы қаласының тұрғыны:

- Одан кейінгі эффект жақсы. Өз орнымен, ретімен келе жатыр. Дәрігерлердің айтуы бойынша, барлығы өз орнына келеді. 1,5 жылда өзіне келеді. Басын көтеріп, сөйлеп, жүруге талпынамын деп жүр бала.

Операцияны дәрігер Мирдас Мурадов сәтті жасап шықты. Ол жалпы екі мыңнан астам ота жасағн. Жалпы мұндай диагнозы барлар бұрын Астана мен Алматы қалаларында емделетін. Енді ем іздегендер жергілікті жерде дертіне шипа таба алады.

Мирдас Мурадов, облыстық Көпбейінді балалар ауруханасының нейрохирургы:

- Өте үлкен операция. Командалық операция. Үш неурохирург бірге операцияға қатысып жасадық. Операция жасағанда реконструкция сүйегін кесіп түзетіп, пластиналар бар. Сол пластиналармен түзетеміз. 6-7 айдан кейін контролді тамографиядан кейін сүйектері жазылатын кезде біз операция жасап, пластиналарды алып тастаймыз. Ол пластина бізге фиксацияға керек.

Облыстық балалар ауруханасында бас сүйектің деформациясын емдеу үшін операцияның 5 түрі жасалып жатыр. Дәрігерлер диагноз анықтала салысымен порталға жазылған дұрыс, — дейді. Солайша баланың кеш дамуының алдын алуға болады деген пікірде. Жалпы балалар аруханасында жылына 270 операция жасалады. Оның 10 осы диагноз бойынша.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә