Бүгін, 28 мамырла Шерзат Болаттың ісі бойынша кезекті сот отырысында сотталушы Абазл Шынасылдың қорғаушысы судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.
Жоғарғы соттың Telegram-дағы арнасының хабарлауынша, күннің бірінші жартысында сотталушы Абзал Шынасылдың қорғаушысы Ж.Әбенов төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақовқа қарсы шағым түсірді.
"Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабының 11-бөлігіне сәйкес істі жалғыз қарайтын судьяға қарсы шағымды сот төрағасы немесе соттың басқа судьясы шешеді.
Заңның осы нормасын негізге ала отырып, шағымды сол соттың судьясы А.А.Беймбетов қарайды", — делінген хабарламада.
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі өкілдері сот процесінің нақты басталу уақыты туралы қосымша хабарлайтынын мәлім етті.
Шерзат Болаттың қазасы
- Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция
- "Уақыт сәл созылып кеткен": сот-медициналық сарапшы Шерзат Болатты аман алып қалу мүмкіндігі туралы айтты