Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) төрағасы Айдын Құлсейітов қызметінен кетті, деп жазады Egemen.kz.

Қор төрағасының қызметінен кеткені туралы ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі растады.

– Жалғыз акционердің шешімімен 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша “ӘМСҚ” КЕАҚ басқарма төрағасы Айдын Құлсейітовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстандықтар МӘМС жарналарын міндетті емес, ерікті етуді талап етіп, петиция жариялады

Табысы жоғары азаматтар үшін жарна көлемі артады: 2026 жылдан бастап МӘМС жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Медициналық сақтандыру қорының жалғыз акционері – Денсаулық сақтау министрлігі. Қордың жаңа басшысы кім болатыны әзірге белгісіз.

Еске салсақ, Айдын Құлсейітов бұл қызметке 2025 жылдың сәуірінде тағайындалған.