Жезқазғанда жыл басынан бері еріктілердің қатысуымен мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Белсенді жастар «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған 40-қа жуық экологиялық акцияға атсалысқан. Бұл туралы волонтёрлардың жылдық қорытынды кездесуінде хабарланды. Акция барысында жастар қала аумағын тазартумен қатар тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі челлендж ұйымдастырған. Белсенділер дәстүрге айналған тазалық шараларын келесі жылы да жалғастырмақ.
Сәкен Қайратұлы, жастар ресурстық орталығының директоры:
- Қыс мезгілінде «Таза Қазақстан» акциясы тоқтап қалмайды. Қар күреу жұмыстары. Бірақ енді біз қала аумағында емес, мүгедектігі бар және де қамқорлықсыз қалған ардагерлеріміздің, аналарымыздың үйіне барып, қар күреу акциясын өткізетін боламыз.