Елде мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемі 12 пайызға ұлғайды.

Бұл туралы 2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында өткен брифинг барысында айтылды. Мұнай-газ саласындағы жылдың басты оқиғасы Теңіз кен орнындағы болашақ кеңейту жобасының толық аяқталуы болды. Зауыттың үшінші буынын пайдалануға беру мұнай өндірісін жылына 12 млн тоннаға дейін өсуін қамтамасыз етті. Бұл экспорттық кірістің тұрақты көзін қалыптастырады және ұлттық экономиканың әлеуетін арттырады. Сондай-ақ жанар-жағармай ішкі нарығын реттеу саласында бағаны қолдан басқарудан нарықтық тетіктерге көшу жүзеге асырылды. Биыл мұнай өңдеу саласын дамытудың 2040 жылға дейінгі ұзақмерзімді өндірістік бағдарлары бекітілді. Шымкент, Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және мұнай өңдеу зауытын салу үшін әлеуетті инвесторлар тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, көміртекті бейтараптық стратегиясы шеңберінде К5 + мұнай өнімдерінің экологиялық стандарттарына көшу бекітіледі.