БАӘ-нің Дубай қаласында өткен, IBA ұйымдастырған бокстан әлем чемпионаты рекордтық жүлде қорымен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алтын медаль иегерлері 300 000 доллардан, күміс медаль иегерлері 150 000 доллардан және қола медаль иегерлері 75 000 доллардан алды. Бесінші орын алған спортшыларға 10 000 доллардан берілді.

Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды. Тағы төрт боксшымыз ширек финалға дейін жетті. Спортшылар 1 240 000 доллар қаржыға ие болды.

Өзбекстан екі алтын, төрт күміс және үш қола медаль, сондай-ақ екі боксшысы ширек финалда тоқтады Өзбек боксшыларының жүлде қоры 1 445 000 долларды құрады.

Ресей құрамасы жеті алтын, бес күміс және бір қола медаль жеңіп алып, турнирдің айқын жеңімпазы атанды. Ресейлік боксшылар 2 925 000 доллар табыс тапты.