Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған айырбас бағамы 0,77 теңгеге төмендеп, 513,55 теңгені құрады. Ұлттық банктің 18 желтоқсандағы бір долларға арналған ресми бағамы 514,31 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Kurs.kz сайтының хабарлауынша, Алматыдағы айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 515,54 теңгеден сатып алынып, 517,75 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 602,51-607,71 теңге аралығында, ал рубль 6,41-6,53 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада доллар 513,46 теңгеден сатып алынып, 520,46 теңгеден сатылады. Еуроны 598,49 теңгеден сатып алып, 608,49 теңгеден сатуға болады. Рубль 6,41 теңгеден сатып алынып, 6,57 теңгеден сатылады.
18 желтоқсанда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,5 теңгеге төмендеп, 514,31 теңгені құрады.