Қазақстандық автосарапшы Дияс Уәлихан Astana Motors құрамындағы Changan ресми дистрибьюторы Қазақстан нарығына ұсынған арнайы жинақтамадағы Changan CS35 MAX кроссоверін жеке дилерлер сатып жатқан X5 Plus нұсқасымен салыстырды.

Сыртқы ұқсастықтарына қарамастан, автокөліктер әртүрлі нарыққа бейімделген, сонымен қатар жабдықтары мен техникалық параметрлері бойынша ерекшеленеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дияс Валихан / Diyas Valikhan (@diyas_valikhan)

Сарапшы CS35 MAX нұсқасының негізгі артықшылықтарының қатарында бірнеше негізгі факторларды атап өтті. Біріншіден, көлік құралы Қазақстан нарығына бейімделген қозғалтқышпен жабдықталған және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттеріне сәйкестік сертификатына ие, көлік құралының түрін мақұлдауынан өткен. Бұл модельдің Қазақстанда қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына, экологиялық стандарттарға және техникалық нормаларына сәйкес келетінін растайды.

Екіншіден, модель суық климатқа арналған "қысқы пакетпен" жабдықталды. Оған жылытқышы бар орындықтар, руль, алдыңғы әйнек және артқы терезелер, бүйір айналар кіреді. Бұл қыста жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығын арттырады.

Үшіншіден, көліктің шанағы ішінара мырышпен өңделген. Өз кезегінде бұл коррозияға төзімділікті айтарлықтай арттырып, көліктің қызмет ету мерзімін ұзартады. Бұл әсіресе біздің климаттық жағдайда өте маңызды, өйткені қыста жолдар химиялық заттармен өңделеді және температураның ауытқуы жоғары болуы мүмкін. Шанақтың осындай қорғанысы X5 Plus нұсқасында қарастырылмаған.

Тағы бір артықшылық – жергілікті мультимедиялық жүйені. Көлік интерфейсі қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, бұл оны жүргізуші үшін ыңғайлы етеді. X5 Plus нұсқасында бұл да қарастырылмаған.

Changan CS35 MAX автокөлігінің салоны. Фото: Astana Motors

Қосымша жайлылық үшін CS35 MAX жүк салғыш есігінің электр жетегімен, сонымен қатар смартфондармен қосылуға арналған CarPlay және Android Auto жүйелерімен жабдықталған.

CS35 MAX моделі бірқатар заманауи цифрлы шешімдерді енгізді. Бақылау панелі мен мультимедиялық жүйе 12,3 дюймдік үлкен сенсорлы дисплеймен бір интерфейске біріктіріліп, негізгі функцияларды басқаруды ыңғайлы етеді.

Багаж бөлімі күнделікті қолданысқа арналған, ал орындықтардың жиналмалы екінші қатары кеңістікті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Люк және электр жетегі бар панорамалық шатыр салон ішін визуалды тұрғыда анағұрлым кеңейте түседі.

Changan CS35 MAX
Changan CS35 MAX. Фото: Astana Motors

CS35 MAX салоны жайлылық пен эргономикаға бағытталған. Әрлеу кезінде экологиялық былғарыдан қолданылған, ал жүргізуші орындығының электр реттегіші бар.

Салонның түсі да қайта қаралды. CS35 MAX қытайлық X5 Plus нұсқасында қолданылатын орындықтардың арқасындағы қызыл сәндік жолақтардан бас тартты. Нәтижесінде салонның бірқалыпты реңге өзгеруі классикалық көрініс беретін әмбебап шешім болды.

АММKZ зауытындағы Changan CS35 MAX өндірісі
АММKZ зауытындағы Changan CS35 MAX өндірісі. Фото: Astana Motors

Айта кету керек, CS35 MAX Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында өндіріледі. Кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған және еліміздің автоөнеркәсіп саласындағы негізгі өндіріс алаңдарының бірі.

CS35 MAX үш түсте, яғни ақ, қара және қою сұр нұсқада ұсынылған. Кроссовер 147 ат күші бар 1,5 литрлі турбоқозғалтқышпен жабдықталып, 280 Нм айналу сәтін береді. Мотор 7 сатылы DCT роботты беріліс қорабымен жұптастырылған. 100 км/сағ дейін үдеу 7,8 секундты алады, ал клиренсі 190 мм құрайды. Автокөлік құны – 8 990 000 теңге. Ресми дистрибьютордан автокөлікке кепілдігі 5 жыл немесе 150 мың км кепілдік береді. (қайсысы ертерек болса). Қосымша ақпаратты changan-auto.kz сайтынан, Қазақстандағы барлық ресми дилерлік орталықтардан немесе 7007 нөмірі бойынша біле аласыздар.

*PR құқығында

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз