Екі дүркін әлем чемпионы, боксшы Махмуд Сабырхан татамиге шығып, дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке қарсы тұрды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сабырхан өз Instagram парақшасында олардың кілем үстіндегі қарсыласқан сәті көрсетілген видеоны жариялады. Видеода Сметов әсерлі әдіс жасап, дзюдо мен самбода «о-сото-гари» (артқы іліп лақтыру) деп аталатын тәсілді қолданған.
Өз саласында мықты боксшы болғанымен, өзіне жат ортада Сабырхан олимпиада чемпионына лайықты қарсылық көрсете алмады.
«Одан да бокспен айналыса берген дұрыс», — деп жазды Махмуд, жазбасына күліп тұрған смайлик қосты.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от SPORTS.KZ (@kzsports)