Олар – 48 және 52 жастағы ер адамдар.


Қос "кәсіпкер" халықтың жүгін аңдып, оны сақтандыру үшін ақша сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері "Алматы-1" теміржол вокзалының аумағынан заңсыз кәсіпкерлікке барғандарды ұстаған және оларға әкімшілік іс қозғаған.

Белгілісі, екі ер адам вокзалдың күту залында жолаушыларға сақтау камерасының қызметін заңсыз ұсынып, көпшіліктің мазасын әбден алған. Полиция олардың осыған дейін де дәл осындай тәртіпсіздігі үшін жазаланғанын мәлім етті.

– Тексеру барысында аталған азаматтардың тиісті тіркеуі жоқ болып шыққан, кәсіппен айналысуға рұқсат алмаған. Жасалған құқық бұзушылықтар үшін олар бірден екі бап бойынша, яғни қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу және заңсыз кәсіпкерлік үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.