Бөлімдер
Пікір

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті қаза тапқан әскерилердің отбасына 100 млн теңге көмек көрсетеді

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті қаза тапқан әскерилердің отбасына 100 млн теңге көмек көрсетеді

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Гаджи Гаджиев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kazinform.

Қазақстан Халық Кеңесінің тағы бір мүшесі, Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты жалпыұлттық аза тұту жариялады. Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын.

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі әрі еліміздің спорт қауымдастығының өкілі ретінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 100 миллион теңге көлемінде материалдық қолдау көрсетуді өзімнің азаматтық парызым деп санаймын.

Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгерлердің жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады", — деді Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай