Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына көңіл айту жеделхаттары жалғасып келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Көңіл айту жеделхаттарын Тәжікстан Президенті Эмомалі Рахмон, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам басшысы То Лам және Армения Премьер-министрі Никол Пашинян жолдады.
Сондай-ақ қолдау сөздерін Татарстан басшысы Рустам Минниханов пен бірқатар халықаралық ұйымдардың жетекшілері жеткізді.
Тоқаев халықаралық қоғамдастыққа қолдауы үшін алғыс айтты.
Мақаланы бағалаңыз 👇
Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан




