Бөлімдер
Трендтер

«Алла разы болсын»: Үйі қирай бастаған Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

«Алла разы болсын»: Үйі қирай бастаған Мақпал Жүнісова жақсы жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйін қайта жөндеп берген құрылысшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жөндеу жұмыстарын жүргізген мамандарға ризашылығын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады.

Бұған дейін әнші үйінің қасбеті мен іргесіне жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын айтқан еді. Оның сөзінше, құрылыс көп ұзамай сыр беріп, кейбір бөліктері қирай бастаған.

Кейін жөндеу жұмыстарына басқа мамандар кірісіп, алдыңғы құрылысшылар жіберген кемшіліктерді түзеген. Мақпал Жүнісова жаңа шеберлердің жұмысты жауапкершілікпен әрі сапалы орындағанын айтып, оларға «Алла разы болсын» деп алғыс білдірді.

Желі қолданушылары да құрылысшылардың адал еңбегін жоғары бағалап, өнер иесінің қуанышына ортақтасты.

Дереккөз: Skif News · Марина Ахметжанқызы