Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болып, 12 әскери қызметші қаза тапты. Үш адам аман қалып, екі адам іздестіріліп жатыр. Ертең, 25 қыркүйек елімізде жалпыхалықтық аза тұту күні деп жарияланды. Аталған оқиғаға байланысты запастағы әскери қызметкерлер пікір білдірді. Олар күзде каспийде мұндай оқу-жаттығулар өткізген дұрыс емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
22 қыркүйекте Каспий теңізі секторында "Қазар қорғаны-2026" әскери оқу-жаттығулары басталған. Оларға әскери-теңіз күштері құрылымдары да қатысқан.
Бүгін, 24 қыркүйекте Каспий жағалауында ауа райы күрт бұзылған. Жел күшейіп, биік толқын көтерілген. Салдарынан 17 әскери қызметші суға кетті. Қазақстанның запастағы әскери қызметшілері аталған оқиғаға пікір білдірді. Олар Күзде Каспийде оқу-жаттығулар өткізу дұрыс емес екенін айтады. Себебі бұл аймақта осы уақытта мұндай шаралар өткізу қауіпті.
"Ақтауда дәл осы кезеңде гидрометеорологиялық жағдайлар нашарлай бастайды. Мен Қорғаныс күштері басшылығы мұндай жыл мезгілінде оқу-жаттығуын өткізбеген дұрыс. Одан гөрі оларды жазғы уақытқа ауыстырған жөн. Каспий теңізіндегі, оның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы әр теңізші, қыркүйектің ортасынан бастап Каспийде ауа райы бұзылатынын біледі", – дейді запастағы 1-ранга капитаны, ҚР Қарулы күштерінің ардагері Құсайын Омаров.
Мұндай оқиға бұрын да болған
Мұндай оқиға дәл 2015 жылы қарашада болған. "Орталық-2015" стратегиялық оқу-жаттығуының екінші кезеңінде теңізге алты адам шыққан. БТР-80 техникасының бортында 52 әскери қызметші болған. Алайда кенеттен жел тұрып, толқын көтерілген. Төрт БТР-80 суға кетіп, төрт әскери қызметкер қаза тапқан еді.
Ал ҚР Қарулы күштерінің ардагері, запастағы офиер Марк Бейдалінің сөзінше мұндай ауқымды оқу-жаттығулар кезінде адам шығыны болуы мүмкін.
"Мен Маңғыстау өңірін білемін, сонда жұмыс істегем, Каспий қашанда тыныш емес, ешқашан, тыныш болмаған", – деді ол.
"Атмосфералық фронтар, иклондар, ауқымды атмосфералық процестер жүрген кезде қатты жел тұруы мүмкін. Жел аз уақыт ішінде үдеп кетуі мүмкін", – дейді Геограия институтының Каспий теңізі географиясы зертханасының меңгерушісі Саид Сафаров.
Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы
Бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.
Қорғаныс министрлігінің алдын ала берген ақпаратында теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқаны айтылған. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған.
Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерден видео жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.
Артынша, мемлекет басшысы ертең, 25 қыркүйекті республика бойынша жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай




