Бөлімдер
Шұғыл

«Хайпы жоқ, хейті жоқ жұлдызды жұп» – Баян Нұрмышева мемлекеттен осындай атақ сұрады

«Хайпы жоқ, хейті жоқ жұлдызды жұп» – Баян Нұрмышева мемлекеттен осындай атақ сұрады
http://instagram.com/erlan_orynbasarov

Жұлдызды жұп Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаров мемлекеттен ерекше атақ беруді сұрады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Жұбайлар көлікте келе жатып, халықтың әзіл-шынын араластырып, әншілерге берген атаққа разы болып, күлді. Баян Нұрмышева күйеуі Ерлан Орынбасаровты құттықтады.  

«Жан, біздің жаңа  атағымыз құтты болсын! Байқамадың ба, жаңа тойда бізге атақ берді. «Хайпы жоқ, хейті жоқ жұлдызды жұп» деді», – деді Баян Нұрмышова.

Жұбайыны жауабы қысқа болды. «Жоқ болып кетпей, аман-есен жүрсек болды», – деді Ерлан Орынбасаров.

«Мүмкін, хайп жасау керек пе екен? Әлде осы дұрыс па? Мемлекет осындай атақ берсе екен. Біз гран-при алар едік. «Хайпы жоқ деген атақ беріңіздерші», – деп өтінді әнші әзіл-шынын араластыра.

Айта кететін жайт, әнші Луинаға Қырғызстанның мәдениет үздігі атағы берілген болатын.

Дереккөз: Курсив · Шадияр Өстемір