Жезқазғанда ішінде кәмелетке толмаған төрт бала болған BMW көлігі электр бағанасына соғылды. Салдарынан бір жасөспірім қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZZ.
Телеарнаның мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Шолохов көшесінде болған. Жүргізуші көлікті басқара алмай қалған болуы мүмкін.
Жол апаты кезінде BMW көлігінде 13, 16 және 17 жастағы төрт жасөспірім болған.
Алған жарақаттарының салдарынан 13 жастағы жеткіншек жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Соққының қатты болғаны сонша, қаза тапқан баланың денесі көлік салонында қысылып қалғаны хабарланды.
Қаза тапқан баланы көлік ішінен шығару үшін төтенше жағдайлар қызметі тартылған. Оқиға орнына ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 арнайы техникасы келген.
Көлікте болған өзге екі жасөспірім түрлі жарақаттармен шұғыл ауруханаға жеткізілген.
Бұл дерек бойынша тергеу басталған. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын, көліктің кімге тиесілі екенін және жасөспірімдердің көлікке қалай отырғанын анықтап жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ⚡️Новости | Автомобили | ⚠️ Дороги (@za_rulem_zhezkazgan)
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева




