Бөлімдер
Трендтер

«Алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін»: Жұлдыз Әбдікәрімова құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

«Алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін»: Жұлдыз Әбдікәрімова құпиясымен бөлісті (ВИДЕО)

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сымбатты қалпын қалай сақтайтынын айтты. Оның сөзінше, ол арнайы диета ұстанбайды және калория санамайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Мен ешқашан арнайы диета ұстанған емеспін, калория да санамаймын. Бірақ алдыма келгеннің бәрін жей бермеймін. Артық тамақтанбаймын, шектен тыс тойып алмаймын. Аз-аздан тамақтанамын, бірақ өзім қалаған тағамнан бас тартпаймын. Сонымен қатар дәрумендерді тұрақты түрде қабылдаймын», – деді Қайрат Нұртас­тың әйелі. 

Актриса сымбатты болудың тағы бір құпиясы үнемі қозғалыста жүру екенін айтты. Спортпен тұрақты айналысуға әрдайым мүмкіндігі бола бермегенімен, жұмысы белсенді болуына ықпал етеді.

«Ең алдымен, бұл қозғалысқа байланысты деп ойлаймын. Мен өзіме ұзақ уақыт ұйықтауға ешқашан жол берген емеспін. Спортпен тұрақты айналыспасам да, жұмысымның арқасында үнемі қозғалыста жүремін. Келесі айдың әр күні алдын ала жоспарланғанын жақсы көремін. Ертең не істеймін деп ойлап жүргенді ұнатпаймын», – деп бөлісті Жұлдыз Әбдікәрімова.

Сөз соңында актриса қажет болмаса, тоңазытқышты аша бермеуге және асүйге сирек кіріп тұруға кеңес берді.

Дереккөз: Skif News · Марина Ахметжанқызы