Әнші Қайрат Нұртас Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіге байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі сарбаздардың қазасы өзіне ауыр тигенін айтып, марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл білдірді.
"Ер ел деп туады! Отан – анаң, Отан – балаң, Отан – үйің! Ол үшін жаныңды бер деп өсірді. Елім үшін жау алдында жан құрбан. Бірақ кешегі 14 сарбаздың өлімін еш ақтап ала алмаймыз. Жүрегім қан жылап тұр. Аналарды қалай жұбатамыз? Елге не айтып ақталамыз? Қатер айтып келмейді, алайда қайтып келеді. Өзгеріс пен тәртіп керек. Қыршын кеткен боздақтардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Қабырғамыз қайысты…" – деп жазды Қайрат Нұртас Instagram парақшасында.
Әнші жазбасында мұндай қайғылы жағдайлардың қайталанбауы үшін өзгеріс пен тәртіп қажет екенін атап өтті.
Дереккөз: Skif News · Лунара Арынбек




