0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Биыл Париж келісіміне 10 жыл толады. Осы жылдарда Қазақстан қандай ауқымды жұмыстар атқарды, қандай позиция ұстанады? Дәл осы тақырып Астана халықаралық форумында айтылады дейді сарапшылар. Сондай-ақ Қазақстанның климат саласындағы инвестицияларының жол картасы саналатын құжат та таныстырылмақ.
Нұрман Таңатов, ҚР ЭТРМ климаттық саясат Департаментінің төмен көміртекті дамыту басқармасының басшысы:
Бұл құжат жалпы Қазақстанның климат саласындағы инвестицияларының жол картасы. Біз бұл құжатты биыл жаңартатын боламыз. Сессия аясында Қазақстан республикасының климат саласына бөлінетін жасыл қаржыландыру деп айтамыз, жасыл қаражаттарды тартуға үлесін қосады. Осы сессия Қазақстанға ортақ шешімдерді және де өзінің тәжірибелерімен бөлісуге таптырмас орын болып саналады.
Серік Жұмабек