АҚШ пен Мексика арасындағы тарифтік келісімнің мерзімі үш айға ұзартылды .
Бұл туралы Президент Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Осы аралықта тараптар жаңа сауда келісімін әзірлеуі тиіс. Мексикадан импортталатын көліктер мен фентанилге 25% баж салығы күшінде қалады. Ал болат, алюминий және мысқа 50% мөлшерінде тариф енгізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп 1 тамыздан бастап Мексика өнімдеріне 30% баж салығын енгізуді жоспарлаған. Екіжақты келіссөзден кейін бұл шешім кейінге қалдырылды.