Танымал актриса Дариға Бадықова інісінің айықпас дертке шалдыққан айтып, оның емін толық өз мойнына алғанын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса бұл туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Інімнің диагнозы Бехтерова деп аталады, сүйегі сынғыш болып келеді. Белок құйып отырады сүйекке, ай сайын ауруханада жатып отырады. Аурудың асқынғаны сол баяғы кездегі қу жоқшылықтан ғой.

10 жасында пайда болды, дер кезінде емдемеген. 10 жасында аттан құлаған, тізеден басталған, қазір бел омыртқада тұр.

Сына бермейді, сүйек қисаяды, ондай адамдарға сүйекті сындыруға болмайды. Бір жерлерде жүргенде байқап жүрсе екен деп уайымдаймын», — деп жазды актриса.