Иә сондай-ақ Қытайда ШЫҰ-ның саммиті өтеді. Оған да Қазақстан Президенті қатысады. Қытай саммитті ресми түрде «әрекет жылы» деп жариялады. Бұл – жай ғана атау емес, нақты геосаяси месседж пен ұйымның бағытына байланысты таңдалған негізгі ұстаным, — дейді сарапшылар. Бұған дейін одақ түрлі салада стратегиялық шешімдер қабылдап, маңызды диалог алаңын қалыптастырды. Ендігі қадам құжатқа түскен жобаларды жүзеге асыру кезеңі болмақ.

Биылғы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кеңейтілген көлемде өтеді. 25-тен астам мемлекет басшылары мен 10 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысады. Бұл – ауқымды экономикалық серпіліс жасауға бағытталған басты қадам. Ұйым 20 жылдан астам уақыт ішінде көптеген декларацияға қол қойды. Бірақ сын айтушылар оны «құжат көп, іс аз» деп сипаттаған еді. Қытай осы имиджді өзгертуді көздеп отыр. Биыл одақ тағы басқада бағыттарға басымдық береді.

Жадыра Әсетқызы, ҚСЗИ азиялық зерттеулер бөлімінің аға сарапшысы:

Климаттың өзгеруі, цифрлық даму, осы ЖИ-ге байланысты өте жедел үдерістер болып жатыр. Бәрі қатты өзгеріп жатыр. Соған әркім өзінің ғана жеке меншікті сұрақтарын ғана емес, бәрі біріккен стратегиялық бағытта қозғалатын бірлескен шешімдер қабылдауға тырысады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы жер шары халқының шамамен жартысын қамтиды. Әлемдік экономиканың төрттен бірі, дүниежүзілік сауданың 30 пайызы осы ұйымға мүше мемлекеттердің үлесіне тиесілі. Мұндағы экономикалық ынтымақтастық Қазақстанға аймақтық кедендік рәсімдерді жеңілдетуге және сауда кедергілерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл экспорт пен импорт шығындарын 10-15% төмендетуге ықпал етеді.

Жанерке Қайрат, саясаттанушы:

Кей кезде көңіліміз толмай жатады. Неге біз сыртқы саясатқа көп назар аударамыз деген сияқты. Бірақ біз барлық мемлекеттер бүгінде бір-біріне өзара тәуелді мемлекеттер. Біз сауда саттықпен айналысамыз. Кейбір бізде жоқ өзімізге жетіспейтін тауарларды импорттаймыз. Кейбір асып-төгіліп жатқан артық тауарларды экспорттаймыз. Оның барлығы түрлі мемлекеттермен қарым қатынас құру арқылы жүзеге асып жатыр.

Биылғы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті кеңейтілген көлемде өтеді. 20-дан астам мемлекет басшылары мен 10 халықаралық ұйымның жетекшілері қатысады. Бастысы биыл ұйымның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданады. Бұл ұйымның алдағы міндеттерін айқындап бермек. Қазақстан осы жаңа жол картасын әзірлегендердің бірі және іске асуына белсенді ықпал етуші ел.

Ернұр Медет