Психиатр-дәрігер Александр Мещеряков жадты жаттықтыруға көмектесетін үш жаттығу туралы айтты. Соның бірі — "есте сақтау сарайы ", оны Артур Конан Дойльдің қиялынан туған данышпан детектив те қолданған. Дәрігердің айтуынша, бұл әдіс өте тиімді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.
"Өзіңізге жақсы таныс орынды (пәтеріңізді, жұмысқа баратын жолды) елестетіңіз. Есте сақтау керек деректерді ойша сол "сарайға" орналастырыңыз. Қайта еске түсіру керек болғанда, осы "сарайыңызға" кіріп, ойша бір айналып өтіңіз", — деп жазды маман өзінің телеграм-арнасында.
Ғылыммен дәлелденген
"Есте сақтау сарайы" әдісінің шынымен пайдалы екені нидерландтық ғалымдардың зерттеуімен де расталды. Олар екі тәжірибе жүргізді.
Біріншісіне жедел жаттау бойынша әлемдік жарыстарға қатысқан 17 "чемпион" және оларға жасы мен интеллект деңгейі бойынша сәйкес келетін 16 қарапайым адам кірді. Екінші тәжірибеде бұрын есте сақтау әдістеріне үйренбеген 50 адам қатысты. Оларды шамамен тең үш топқа бөлді: біріншісі бір жарым ай бойы "есте сақтау сарайын" қолданды, екіншісі басқа бір әдісті үйренді, үшіншісі мүлде жаттыққан жоқ.
Кейін барлығына сынақ жасалды: ұзын сөздер тізімін ретімен жаттап, кейін оны қайтадан ретімен айтып беру керек еді. "Есте сақтау сарайын" қолданғандар жақсы нәтиже көрсетті: олар 20 минуттан кейін де, бір тәуліктен кейін де көбірек сөзді еске түсірді. Төрт ай өткеннен соң тексерісте де ұқсас нәтиже алынды: бұл топ орта есеппен 50 сөзді қайта айтты, ал қалған екі топта — тиісінше 30 және 27 сөз болды.
Психиатр Мещеряков шынымен жұмыс істейтін 5 құралды атады:
Жад үшін пайдалы тағы екі жаттығу
- Саналы бақылау
Кез келген затты таңдаңыз. 2–3 минут бойы оның пішінін, түсін, текстурасын, иісін, жарықтың шағылуын мұқият зерттеңіз.
Сосын көзіңізді жұмып, сол затты бүге-шігесіне дейін ойша елестетіңіз.
Мещеряковтың айтуынша, бұл — зейін практикасынан алынған жаттығу, ол назар аударуды, жадты өте жақсы жаттықтырып, стресті төмендетеді.
- Досыңа қайта айтып беру
Мақаланы, кітаптың бөлімін немесе басқа ақпаратты оқыңыз.
Кейін негізгі ойды ойша қиялдағы адамға барынша түсінікті әрі қызық етіп "қайта айтып" беріңіз.
Психиатрдың айтуынша, бұл техника миға жатталған сөздерді жай қайталауға емес, ақпаратты қайта құрылымдауға мәжбүр етеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!