Қазір алтын нарығы қызып тұр. Алайда әшекей жинау әлегінен құйма алтынның құны артық. Әйтсе де, нақ сол қымбат металл бәріне бірдей қол емес. «Бағасы аспандаған сайын алып-сатарлар да аса пайда көре алмайды», — дейді сарапшылар.
«Алтын – жоғалтпайды нарқын», — деп көпшілік қымбат металды көбейткісі келеді. Содан базар барлап, баға бағамдайтындар бар. Орайы келгенде олжалы болуды ойлайды.
Алтын әшекейлерді сатып аламын. Сыйлыққа беремін. Ол инвестиция деп ойлаймын. Алтын алсаң ұтасың.
Ақша болса алтын ала берген жақсы. Алтын қымбаттап барады ғой жылдан жылға.
Сары алтын, қызыл алтын дейміз. Итальянский немесе россиский осы дұрыс. Соны алуға тырысамыз.
Алайда «жылтырағанның бәрі алтын емес». Экономист осыны қаперге салды. Олардың ортасында бухгалтерлік есеп деген ереже бар. Соған сәйкес кез келген бұйымның қолдану мерзімі болады. Уақыт өте зат та тозады.
Қажыгелді Шамбыл, экономист:
- Мысалы, сіз 4 мың долларға алтын сатып алдыңыз. Оның пайдалу уақыт көлемі 10 жыл дейік. Бұл нені білдіреді? Әр жыл сайын сіз 400 доллардан кемітіп отыруыңыз керек. Қарапайым есептесек. Ал бізде қалай? Үй сатып алса да, көлік сатып алса да, оны 10 жыл қолданса да бағасын көтеріп шыға келеді. Бұл — нонсенс.
Демек алтынның игілігін тек инвестициялық актив ретінде көруге болады. Бұл қоспасыз таза, құйма алтын.
Қажыгелді Шамбыл, экономист:
- Сондықтан халыққа айтарым, мойныңызда жүрген алқа, білекте жүрген білезік, алқалар, неше түрлі алтын — инвестициялық алтын емес. Оның концентрациясы да, алтын үлесі де айтарлықтай жоғары емес. Керісінше, оның бағасын жоғары қыламын, сатамын, спекулятивті табыс аламын деп өзіңіз шығынға батуыңыз мүмкін. Сондықтан да инвестициялық алтынды реттейтін ол тек қана — ұлттық банк.
Алтын бағасы 4 мың доллардан асты. «Енді екі жылда қосымша мың долларға қымбаттауы мүмкін», — дейді кей экономистер. Бұл халықаралық алтын-валюта резервтерінің құнын арттырады. Тек есе жібермес үшін есепке жүйрік болу ләзім.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл енді саудагердің бір саласы ғой. Дұрыс па? Уақытылы сатып алып, уақытылы сатып, осының аясында валюта да солай. Қаржы-экономикалық саясатының бір тетігі деп білеміз.
Сол тетікке ұлттық банк ие. Алайда экономист Қажыгелді Шамбыл алтынды сатып аларда шама-шарыққа қараған дұрыс деп есептейді. Себебі, бүгінгі қымбат баға кейінгі жылдары күрт төмендеуі мүмкін. Сондықтан нарықтағы емес, қолдағы барды ұқсатқан жөн санайды. Оның түйгені осы. Ұлттық банктің де бір білген бар шығар.
Авторлары: Нысаналы Ығыл, Ержан Қанапияұлы, Мерей Талап