Елде алтын қоры 98, ал мыс 36 мың тоннаға артты. Бұл көрсеткіш геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі.
Жер қойнауын тиімді игеру үшін геологиялық сала жаңа технологиялық деңгейге көтеріліп жатыр. Биыл инвесторларға барлауға 707 лицензия және пайдалы қазбаларды өндіруге 22 лицензия берілді. Бұл еліміздегі жер қойнауын зерттеу мен игеру жұмыстарының қарқын алғанының белгісі. Мамандардың айтуынша, бүгінде пайдалы қазбалардың 103 түрі мен 10 мыңға жуық кен орны мемлекеттік есепке алынған. Солардың ішінде алғашқылары болып Көк-Жон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары мемлекеттік есепке қосылды. Бұл алдағы уақытта өндірісті дамытуға және жаңа жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді.