Бүгін елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды.
Арқада бұрқасын соғып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетті. Аяз да күшейіп тұр. Елдің шығысында да қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Батыста тұман, көктайғақ. Түнде елдің орталығы, шығыс пен солтүстік өңірлерде ауа температурасы 32 градуска дейін төмендейді. Алматы мен Жетісу облыстарында да 20 градуска дейін суытады.