Бұл шешім жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

28 сәуірден бастап Талдықорғаннан Алматыға қатынайтын көліктер үшін қозғалыс бағыты уақытша өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі уақытта Алматы – Өскемен автожолының 213-234 шақырым аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында жол жабыны толық жаңартылып, тау беткейлері тегістеліп жатыр. Су өткізу құбырлары орнатылады.

Cондықтан жүргізушілер Мұқыры ауылы арқылы жүреді. Аталған учаскедегі жөндеу жұмыстары күзге дейін жалғасады деп жоспарланған.

Сондай-ақ Талдықорған қаласынан Алматы облысының шекарасына дейінгі бағытта тағы үш учаскеде орта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.