Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлады.


Қытай Халық өкілдері жалпы жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи 25-30 мамыр аралығында Қазақстан мен Ресейге сапар жасайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресми мәліметке сәйкес, сапарлар Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Ресей Федерациясы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенко және Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володинтың шақыруымен өтеді.

Чжао Лэцзи Қазақстан мен Ресейге ресми достық сапармен келеді. Ресейде Қытай парламентінің басшысы екіжақты парламентаралық ынтымақтастық комиссиясының XI отырысына қатысады.

Чжао Лэцзи – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы. Бұл орган Қытай парламентінің сессияаралық кезеңдегі ең жоғарғы құрылымы саналады.