Въетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде балуандар грек-рим және әйелдер күресінен сынға түсті. Отандастарымыз алты медаль жеңіп алды.

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алина Ертөстік (76 келіге дейін), Ерасыл Жеңіс (87 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын алды. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі. Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget