Абырой болғанда, жедел жәрдем қызметкерлері оны аман алып қалған.


Наша газета басылымының жазуынша, қазір ақ халаттылар да, бала да өз өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясы бассейнде есінен танып қалған балаға жедел жәрдем қызметкерлері сәтті реанимация жасағанын мәлімдеді.


– 103 желісіне шақырту сағат 16:17-де түсті, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 16:21-де жетті. Шақырту себебі – суға кету. Бала 2021 жылы туған, – делінген хабарламада.

Оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, баланың бассейн түбінде жатқанын демалушылардың бірі байқап қалған. Бұл уақытта баланың ата-анасы термопарк аумағында жүрген.
Оқыс оқиға орнына екінші бригада да қосымша көмекке жіберілген. Дәрігерлер келген сәтте баланың клиникалық өлім жағдайында болғаны айтылады.
Ведомство мәліметінше, бригаданың сәтті реанимациялық шаралар жүргізгенінің арқасында баланың жүрек соғысы қалпына келтірілген. Сол мезетте-ақ зардап шеккен кішкентай науқасқа интубация жасалып, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Реанимациялық бригаданың сүйемелдеуімен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқылылды.
Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.