Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша прокурор Дана Сәрсембай бүгін жарыссөзде қылмыс жасалған сәтте оқиға орнында болған куәлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелдінің әрекетін қайта саралауды қажет ететінін айтты , деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді қылмыс жасалған сәтте оқиға орнында болғанын растағанымен өздерін шок жағдайында болғанын, кей жағдайды көрмегендерін, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндігі болмағанын, себебі қорқыныш күйде болғанын айтты.
Олар өз сөзінде қалта телефондары сөмкеде, ал сөмкелері көлікте болғанын айтқан. Алайда тергеу барысында алынған нақты деректер мен бейнематериалдар бұл мәдімдемелерді толығымен теріске шығарады.
Біз зерделеген Toyota көлігінен бейнежазбаға сәйкес, оқиғадан кейін олар өздерін еркін, дөрекі және ең бастысы болған қырғын оқиғаға қарамастан еш уайымсыз сотталушылармен бірге көңілді отрырған. Бұл олардың шок жайдайда болмағанын, керісінше, жағдайды саналы түрде бақылап, тіпті қасақана үнсіздік танытқанын байқатады.
Сот барысында куәлер автокөлікте болған оқиға туралы ештеңе айтпай, жасырып, жалған жауап берген. Куә тек шындықты айтуға тиіс. Сот алдында жалған куәлік беру немесе маңызды ақпаратты жасыру ол заңдық жауапкершілікке алып келетін әрекет. Аталған мән-жайлар тиісті тексеруді жүргізу және процессуалдық шешім қабылдауды талап етеді. Сондықтан осы фактілерді тексеру үшін Алматы облыстық полиция департаментіне жеке қаулы шығару қажет деп санаймыз", — деді прокурор Дана Сәрсенбай.
Шерзат Болаттың қазасы
- Шерзат Болат ісі: марқұмның отбасы моральдық зиянның өтемі ретінде қанша сома сұрап отыр
- Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция