Ыстамбұлда Ресей мен Украина келіссөздерінің екінші раунды өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оның қорытындысы бойынша тараптар ауыр жараланған және ауыр сырқаты бар тұтқындармен алмасуға келіскен. Олардың нақты саны белгісіз. Бірақ әр тараптан кемі мың адамнан босатылады. Дәл осындай формат бойынша әлі 25-ке толмаған жас сарбаздармен де алмасу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, екі жақ медициналық тексеру өткізіп отыруға уағдаласты. Тексеруден кейін ауыр жараланған жауынгерлерді тұрақты түрде бір-біріне тапсырып отырады. Ресей тарапы келесі аптада бір жақты тәртіпте Киевке қайтыс болған 6 мың украиналық әскери қызметкердің мәйітін жіберетінін мәлімдеді. Делегациялар түрік тарапы арқылы қақтығысты реттеу туралы құжаттармен алмасқан. Украина 20 және 30 маусым аралығында келіссөздердің үшінші раундын өткізуге шақырып отыр. Сонымен қоса, екі ел басшыларының кездесуін өткізіп, атыс-шабысты тоқтатуды ұсынған. Бірақ екінші тарап оған келіспеген. Екі ел басшыларының кездесу өткізуінің маңызына Түркия президенті де тоқталып өтті.

Режеп Тайип Ердоған, Түркия президенті:

- Біз Ыстамбұлда не Анкарада Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесуін ұйымдастырғымыз келеді. Оған Дональд Трамп та қатысса жақсы болар еді. Сонда Ыстамбұл бейбітшілік орталығына айналады. Біз соңғы келіссөздерден кейін осы бағытта жұмыс істейміз.