Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов күні кеше ұлттық құрама сапында соңғы ойынын өткізген команда капитаны Асхат Тағыбергенге шапан жауып, құрмет көрсетуді ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Асхат құрамамен қош айтысты. Ұлттық команда капитаны кешегі матчтан кейін кәсіпқой мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Федерация өкілдері «аа, өкіншіті, өкінішті» — деумен ғана шектелді. Басқа-басқа осы Асхаттың қазақ футболындағы орны ерекше. Әсіресе, соңғы жылдардағы жеңістер бар, жеңілістер бар, әйтеуір, үнемі команданың ішінде күйіп-пісіп жүреді. Бойында қазақи тәрибесі мен ұлттық рухы басым. Жігіттерді қалай жігерлендіретінін естіп-көріп жүрміз. Сондықтан, дәл осы жігітке шапан жауып, тиісті құрметті көрсетіңдер. Әбден лайық азамат. Оны да біз айту керекпіз бе?! Жалпы Қазақстан футбол федерациясы кішкене ұлттық менталитетімізге бет бұрып, осындай жөн-жосықты ескергені абзал. Әркім өз бетімен лаға бермей», — деп жазды ол.

Оның айтуынша, Асхат Тағыбергеннің Қазақстан футболка сіңірген еңбгеі орасан зор.

«Білмейтіндерге айта кетейін, Асхат ұлттық құрама сапында 63 матч өткізді. Ол 2014 жылы дебют жасады. 2016 жылы құрамаға оны бас бапкер Талғат Байсуфинов, ал 2017 жылы Александр Бородюк шақырды. 2023 жылы Даниямен кездесуде мергендігімен көзге түсіп, ұлттық құрамадағы алғашқы голын тіркеді. Алыстан соққан дәл осы добы кейін Пушкаш сыйлығына үміткер болды», — деп қорытындылады ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аслан Каженов (@kazhenov.aslan)