Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне басқа елдерден 8 мыңға жуық адам келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында "Астана концерт" продюсері Мәлік Хасенов мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, мұндай деңгейдегі оқиға оқиға туризмінің драйвері болып cаналады. Бұл ретте Қазақстанға келетін барлық туристің шамамен 53 пайызы Алматыға келеді.
"29 елден келетін көрермені билет сатып алды. Қазақстаннан тыс Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, АҚШ, БАӘ, Түркия, Мексика, Германия, Ұлыбритания, Қытай, Швейцария, Сауд Арабиясы және басқа елдерден төлем жасалды.
Алматы туризм басқармасының мәліметі бойынша, туристер 3-5 күнге келіп, әрқайсысы 1500 доллар жұмсайды", — дейді Хасенов.
Алдын ала мәлімет бойынша, шетелдік қонақтардың Алматы экономикасына қосатын үлесі шамамен 5 млрд теңгені құрайды – бұл қонақүйлерге, дәмханаларға, экскурсияларға, ұшаққа және тағы басқа шығындарды қамтиды. Қала бюджетіне түсетін салық түсіміне келетін болсақ, олар әншінің Астанадағы концертіне қатысты жарияланған сомаға, яғни, 400 млн теңгеге тең.