Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан марапат алған Ана мен бала орталығының нефролог-дәрігері Шолпан Алтынова ерекше оқиғаны бөлісті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шолпан Алтынованың айтуынша, 2023 жылы мемлекет басшысы Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап келген.

Кездесу барысында бүйрек трансплантациясы бойынша кезегін күтіп жатқан Әнел деген қыз баланың арман-тілегін тыңдаған.

Сонда Қасым-Жомарт Тоқаев армандар орындалатынын айтқан.

2024 жылы Әнелге бүйрек трансплантациясы жасалған. Қазір ол білім алып, алаңсыз балалық шағын өткізіп жатыр.

Айта кетейік, бүгін президент Ақордада дәрігерлермен кездесіп, бірқатар азаматты марапаттады.